• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:01:13
Алматы
+35°

Маған ерік берілсе, барлығына вакцина салдыратын едім. Бұлай деп денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой "Время" газетіне берген сұхбат барысында айтты.

Ол күзге дейін 10 миллион адам вакцина салдырып үлгереді дегенге әлі де үмітпен қарайтынын, бірақ Қазақстан құқықтық мемлекет болғандықтан, ешкімді мәжбүрлей алмайтынын, азаматтар вакцина салдыруға саналы түрде келгенін қалайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол күзге дейін 10 миллион адам вакцина салдырып үлгермесе креслосынан айырылып қалудан қорықпайтынын атап өтті.

– Мәселені барлығы карьераға әкеп тірегісі келеді. Біз адамдарға вакцинаны күштеп салғыза алмаймыз. Тек мейлінше түсіндіреміз. Мен тағайындалғалы өкінішке қарай, отбасымды көрмеймін. Біздің ұжым тәулік бойы жұмыс істейді. Ковидтен бөлек көптеген жүйелі мәселелерді шешумен шұғылданамыз. Ал қызметті басшылықтың сенімі деп қабылдаймын. Пайдамызды тигізіп тұрғанда жұмысты істей береміз. Министр креслосын жоғалтудан қорықпаймын. Кез келген тағайындаудың басы мен соңы болады, – деді ол.

Бұған дейін Алексей Цой қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакциналау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Алайда жоспар орындалмай түрі бар. 22 шілдедегі мәліметке сай, Қазақстанда 5 009 408 адам вакцинаның бірінші компонентін, 2 992 214 адам екінші компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір