• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

08 Желтоқсан, 15:30:05
Алматы
+6°

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал күрделі болып, вирусты тәулігіне 5 мыңнан астам адам жұқтырып жатқанына қарамастан, қоғамдық орында маска тақпай жүретіндер көбейген. Мұны әркім әртүрлі түсіндіреді. бірі аптап ыстықта маска таққанда тыныс алудың қиындайтынын айтса, енді бірі маска вирустан қорғамайды дегенге сенеді. Осы орайда Қамшы тілшісі медициналық маска вирусты жұқтырып алудан қаншалықты қорғайтынын анықтауға тырысты.

Көптеген ғылыми дәлелдер маска тағу коронавирустың таралу қаупін азайтуға көмектесетінінін көрсетеді. АҚШ-тың Канзас штатында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша бетперде тағуды міндеттеген аймақтарда өлім-жітім екі есеге азайғаны анықталған.

Әлемнің әр түкпірінендегі деректерге қарап, маска аурудың азаюына септескенін байқауға болады. Түрлі ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне жасалған шолу бойынша "маска тағу" қарапайым азаматтарды Ковид-19-дан 60 пайызға, денсаулық сақтау қызметкерлерін 70 пайызға қорғаған.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жариялаған ғылыми жазбадағы кейбір зерттеулер маска ағзаға ауыс арқылы енетін вирус мөлшерін азайта алады деген болжам жасаған. Олар масқа вирусты сүзіп қалады деп тұжырымдайды.

Алайда жалғыз адамның маска тағып жүруі вирустан адамды жеткілікті түрде қорғамайды. Масканы неғұрлым көп адам тақса, жеке қорғаныс соғұрлым жоғары болаты дейді зерттеу авторларды. Сондай-ақ жұғу деңгейі негізінен вирустың ауада қаншалықты екеніне байланысты. Мәселен, пойыз вагонында вирус жұқтырған бес адам мен бетперде таққан бір сау адам отырса, онда бір маска бес вирустың жолын бөгейді.

Шетелдік зерттеулер маска тағу туралы талаптың алынып тасталуы вирустың таралу жылдамдығына әкеліп соғу мүмкін екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маска тағу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір