• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:48:39
Алматы
+35°

Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баланы қағып кеткен. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Оқыс оқиға 19 шілдеде Республика алаңындағы №4 ғимаратқа қарама-қарсы жерде болған.

Куәгерлердің айтуынша, бала жетектеген ер адам мен қол арба ұстаған әйел жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған.

Осы сәтте Сәтбаев көшесімен келе жатқан DUKE BLACK мотоциклінің жүргізушісі 1976 жылы туған әйел мен 5 жасар баланы қағып кеткен.

Жол апатынан түскен әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ал оның баласы қаладағы ауруханалардың біріндегі жансақтау бөлімінде жатыр. Жүргізуші де ауруханаға жатқызылған.

Аталған бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ??????_?????? (@krispi_almaty)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір