• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:04:32
Алматы
+35°

Фото: МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Маңғыстау облысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 153 шара өтеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Батырхан Қуанышбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, негізгі мақсат Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңызы мен тұңғыш президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін жеткізу арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту.

– Бұл бағытта артық шығынға алып келетін, имидждік, бір реттік шаралар қысқартылды. Халыққа қажетті, әлеуметтік салада маңызды жобаларға ден қойылды. Шілде айында «Астана күні. Нұр-Сұлтан – табыс пен өркендеудің символы» тақырыптық желісі бойынша облыстың барлық қалалары мен аудандарында жоспарланған шаралар тиісті деңгейде өткізілуде. Қазіргі пандемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты көптеген шара тек онлайн форматта өткізіліп отыр. Сонымен қатар, 27 өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысанды халық игілігіне тапсыру жоспарланды. Қазір бірқатары пайдалануға берілді, – деді Батырхан Қуанышбеков.

Сондай-ақ, мерейтой аясында облыс әкімі «Ел игілігі үшін!» жобасын бекітіп, құжат тиісті органдарға орындау үшін жолданды.

Айта кетейік, жоба 10 тақырыпқа бөлінген және 74 тармақтан тұрады. Атап айтқанда, «Білім – таусылмас қазына», «Спорт – денсаулық кепілі», «Дені сау ұлт – қуатты мемлекет», «Мәдениет – ұлттың бейнесі», «Қайырымдылық – ізгі қасиет», «Отбасы – басты құндылық», «Жастар – тәуелсіз елдің тірегі», «Басты міндет – халыққа қызмет», «Ауылым – алтын бесігім», «Халық үшін қолайлы орта».

– Мерейтойға орай «Жаңарған Жаңаөзен» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-инфрақұрылымын дамытуды, әлеуметтік-мәдени, білім, спорт шараларын ұйымдастыруды көздейді, – деді Батырхан Қуанышбеков.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір