• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:01:07
Алматы
+35°

Бизнесмен Болат Әбілов Forbes-тың Қазақстандағы шығарушысы  Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында әрдайым өзіне жұмыс істеуге тырысқанын, бастықтармен тіл табысуы қиындау екенін айтты.

– Негізі бастықтармен басым пісе бермейді. Әрдайым өзіме жұмыс істеуге тырысамын. Бастықтарым да көп болмапты. Өзіңнің басшылығыңда ток-шоу жүргізіп көргенім бар. Есімде, бірде кезекті эфирден кейін маған бір қыз хабарласып, тездетіп президентке келуім керек екенін айтты. Ол кезде мен анда-санда мемлекет басшысымен кездесіп тұратынмын. Мен жақында болатынымды айтып, ұшақ билетіне тапсырыс беріп қойдым. Әуежайға шыққалы жатқанымда, жаңағы қыз қайта қоңырау шалып, ашулы үнмен мені қанша күтуге болатынын сұрап жатыр. Мен бір сағат ішінде мұндай мәселелер шешілмейтінін, әуежайға шыққалы жатқанымды айттым. Сөйтсем, ол ол маған президент деп сені айтып отырмын дейді. Шалқамнан түсе жаздадым. Саған бардым да "президент мырза, мен келдім" дегенім есімде, – дейді Әбілов Байтасовқа.

Болат Әбілов сондай-ақ сұхбатта еңбек жолындағы алғашқы қадамдары, туған жері Қарағандыдан Алматыға келуіне не түрткі болғаны туралы айтқан.

Оқи отырыңыз:

♦ Болат Әбілов: 7 жылдай жер астында болдым

♦ "Көк тиынсыз қалдым". "Бутя" Алматыдағы өмірі қалай басталғанын айтты

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болат Әбілов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір