• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қараша, 05:39:20
Алматы
-5°

"Бутя" лақап атымен танымал белгілі бизнесмен Болат Әбілов туған жері Қарағандыдан Алматыға келуіне алматылық қызға үйленуі әрі жаңа нәрсені байқап көруге деген талпыныс себеп болғанын еске алады.

– Керемет, таңғаларлық Айгүлге үйленгеннен кейін біз Алматыда тұрамыз деп шештік. Шынымды айтсам, Қарағанды маған тарлық етіп, қысып тұрғандай болып жүретінмін. Бір жағынан Айгүлге Қарағандыда жақсы өмір ұсына алмайтынымды да түсіндім. Ата-анамның батасын алдым да жиған-тергенімді Қарағандыда қалдырып, көшетін болдым. 1986 жылы 1 ақпанда Алматыға 25 соммен келдім. Бұл – сенбі болатын. Ал дүйсенді жаңа қызметім республиканың көмір өндірісін бақылайтын техникалық қадағалау мекемесіне жұмысқа шығуым керек. Ертесі танысымның үйіне қоныс тойға бардым. Бәрі "шахтер, демек бай" деп ойлайды ғой. Сондықтан қалтамдағы 25 сомды сыйлық ретінде тарту етіп, өзім көк тиынсыз қалдым. Осылайша, Алматыдағы өмірім басталды, – дейді ол медиакәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатта.

Кәсіпкер жаңа қызметі статусы жөнінен шахтадағы жұмыстан жоғарырақ болғанымен айлығы бірнеше есеге аз болғанын, бұрынғы 500-700 сомның орнына  180 сом ғана алғанын айтады. Ендігі кезекте Болат Әбіловтың алдынан жаңа – жас жанұяға жайлы өмірді қалай қамтамасыз ету керек деген міндет шығады.

Оқи отырыңыз:

♦ Болат Әбілов: 7 жылдай жер астында болдым

♦ "Президентке келуім керек екенін айтты". "Бутя" бастықтармен арақатынасы жайлы баяндады

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір