• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:00:15
Алматы
+35°

12 шілдеде 3693 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен. 19 адамнан пневмония анықталған. 11 шілдеде 35 адам коронавирустан, 6 адам пневмониядан көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық ахуал туралы күнделікті ақпараттық хабарламасында айтылды.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар саны 462 417-ге жетті. Оның ішінде 4717 адам қайтыс болған. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 57 919. Оның 3498-і көз жұмған.

Вирустың таралуы әсіресе Нұр-Сұлтан (978), Алматы (535), Шымкент (169) қалаларында, Қарағанды (596), Атырау (334), Батыс Қазақстан облыстарында (142) өршіп тұр.

13 шілдедегі мәлімет бойынша, 43 835 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 027 пациент стационарда, 29 808 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 846 адамның жағдайы ауыр, 193 пациенттің жағдайы өте ауыр, 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта. Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары "сары" аймақта, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

12 шілдеде Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия  "қызыл аймақтағы" өңірлерде карантин шектеулерін күшейту туралы шешім қабылдады.

Оған сай:

- "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары,  жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатылады.

Демалыс және мереке күндері:

- қоғамдық көліктің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың қызметіне ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Жұмыс күндері қызметтері шектеледі:
- "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің қызметі 20-00 сағатқа дейін;
- ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;
- "Ashyq" жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін;  - "Ashyq" жүйесіне қатыспайтындар сағат 18-00-ге дейін.

2021 жылғы 13 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 4 486 677 адам, II компонентін 2 490 517 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір