• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:00:20
Алматы
+35°

Алматыдағы үш медицина мекемесінің қызметкерлері ПТР нәтижелері мен вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасағаны үшін сотталды, – деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, екі жағдайда "Достар Мед" және "Сұңқар" деп аталатын екі жеке медицина орталығының қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталған.

Санымен қатар№4 поликлиника қызметкерлерінің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойып жібергені анықталды.

"Бірінші жағдайда, клиникадағы зертхана қызметкері орталықтың екі мейірбикесінің көмегімен ақшалай сыйақы үшін теріс нәтижемен биоматериалды сынамасыз ПТР тестін дайындаған. Біраз уақыттан кейін "Сұңқар" медицина орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды, ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған болатын. Жеке тінту кезінде ПТР тестілерінің нәтижелері, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді.

Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеумен айналысқанын мойындады.

Аталған іс қылмыстық кодекстің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда" делінген ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір