• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:25:53
Алматы
+35°

Ақтөбедегі 7 жасар оқушының туыстары зорлық-зомбылық туралы мәлімдегеннен кейін мектеп директоры мен директордың орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің ресми сайты мәлімдеді.

БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен ҚР Білім және ғылым министрінің Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер Ақтөбе облысына барып, зардап шеккен баланың отбасымен кездескен.

Министрлік өкілдері баланың жағдайымен танысып, бала мен оның туыстарына қандай көмек қажет екенін сұрап білген. Балаға жан-жақты көмек, оның ішінде психологиялық көмек көрсетілмек.

– Ақтөбе облысы әкімдігі білім басқармасы Білім және ғылым министрлігіне оқушы ата-анасының өтініші туралы уақытылы хабарламады. Мектеп әкімшілігі қажетті жұмысты жүргізбей, туыстарының үндеуіне тиісті назар аудармаған. Әкімдіктер жанындағы барлық білім басқармасы мектептерде не болып жатқанын бақылауда ұстауға және өңірлерде не болып жатқанын білуге тиіс. Мектепте әр бала үшін ыңғайлы болатын жағдай жасау керек. Немқұрайлылыққа жол берілмейді, — деді Балалар құқығын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Сондай-ақ БҒМ өкілдері Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімдігінің білім басқармасы басшылығы, құқық қорғау органдары мен қамқоршылық кеңесінің қатысуымен кеңес өткізді. Онда болған оқиғаға байланысты жағдай толық анықталғанға дейін мектеп директоры мен директордың орынбасарын қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады. 

Еске сала кетейік, Ақтөбеде осыдан төрт ай бұрын 9-сыныптың төрт оқушысы 7 жасар балаға қысым көрсетіп, мектеп ішіндегі дәретханада зорлағаны хабарланған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір