• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:00:25
Алматы
+35°

Биыл 1,2 млн адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

– Халықты жұмыспен қамту және кірісін қамтамасыз ету – үкімет жұмысының басты басымдығы. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында "Еңбек" бағдарламасы, Жұмыспен қамту жол картасы, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және жеке бастамалар да белсенді жүзеге асырылып жатыр. Толықтай алғанда биыл жұмыспен қамту іс-шараларымен 1,2 млн адам қамтылады, – деді Асқар Мамин үкіметтің кеңейтілген отырысында.

– 2021 жылдың 1 маусымындағы деректерге сәйкес, «Еңбек» бағдарламасы аясында 210 мың адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 107 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамту жол картасы аясында 41 мың адам, оның ішінде 28 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды.

«Нұрлы жер» «Нұрлы жол» бағдарламаларын жүзеге асыру шамамен 250 мың адамға, оның ішінде 124 мың адамға тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, – деді премьер-министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір