• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қыркүйек, 19:28:27
Алматы
+19°

Премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді.

– Қазіргі кезде 600 мың педагогтың еңбекақысын 25 пайызға, ал 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын біліктілігіне қарай 20-дан 30 пайызға дейін көтеру шаралары атқарылып жатыр, – деді Мамин.

Үкімет басшысы әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақысы 50 пайызға өсетінін атап өтті.

– Осы шарамен 21 мың адам қамтылып отыр. Осылайша педагогтардың орташа жалақысы 253 мың теңгеге, медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 320 мың теңгеге, ал әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 180 мың теңгеге дейін көтеріледі. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы да көбейеді, – деді ол.

1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдардың қызметтік жалақысы 1,9 есеге өскен. Ал орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2022 жылдың қаңтарынан бастап жыл сайын 30 пайызға көтеріледі. 

Бұл шара 2024 жылға дейін жалғасады. Осылайша мемлекеттік қызметшілердің орташа жалақысы 179 мың теңгеден 267 мың теңгеге дейін жоғарылайды.    

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір