• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:57:04
Алматы
+35°

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан ертең президент Қ.Тоқаевтың қатысуымен өтетін  үкіметтің кеңейтілген отырысынан айтарлықтай нәтиже күтпейтінін айтты. Бұл туралы ол facebook парақшасында жариялады. 

– Ертең президент Тоқаев жарты жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімдерінің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Мен көп нарсе күтемін деп айта амаймын. Бір жыл бұрын реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте үмітім болды. Бірақ үкімет отырысы бір апта бұрын өтті, адамдар оны байқамады да. Дұрыс, өйткені онда ешқандай реформа жарияланған жоқ. 

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мемлекет басшысына жалпыұлттық басымдықтар мен 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын орындауға бағытталған 10 ұлттық жобаны таныстырды. Ол бюджеттен миллиард доллар сұрайтыны белгілі. Біз мұндайды көріп қойғанбыз, – дейді Мұхтар Тайжан. 

Қоғам белсендісі Тоқаевтың президент ретіндегі мерзімнің 2 жылы өтіп кеткенін, бірақ экономикалық саясатта нақты өзгеріс  болмағанын айтады. Ол мұны кадрлардан көреді. Белсенді ертеңгі жиында кадрлық өзгерістер болмаса, елде бейбіт өзгеріс болатынына сенбейтінін, құрғақшылық, қымбатшылық, халықтың кедейленуі әлеуметтік күйзелістерге соқтырып жатқанын жеткізді.

Мұхтар Тайжан президент алдында екі таңдау тұр деп санайды.

– Жақында Гаити президентін атып өлтірді, басында менің оған жаным ашыған. Бірақ ол ел конституциясын өзгертіп, өзінің диктатурасын орнатпақшы болыпты. Бұл елді диктатура әбден қажытты. Дювальенің әкесі мен ұлы бұл елді әлемдегі ең кедей және жемқор елге айналдырды. Дювальенің әкесі өзін құдай деп жариялады. 

Ал Украина президенті Зеленский экономикалық реформалардың тоқтап қалуының негізгі себебін дұрыс анықтап, маусым айында олигархтар билігін шектейтін заң енгізді. Егер партиялар бұл заңды қабылдамаса, Зеленский оны бүкілхалықтық референдумға шығаруға ниетті. Мен Зеленскийдің бұл қадамын толығымен қолдаймын. Бәрі өте оңай. Гаитидің нұсқасы немесе Зеленскийдің мысалы. Таңдау сізде, президент мырза. Тойымсыз олигархтардың мүдделері немесе Қазақстанның миллиондаған азаматының өмірі. Ал тарих өзінің объективті бағасын береді, – деді ол. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір