• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:40:07
Алматы
+35°

Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылданар тұста түсінде Қарасай батырдың қызыл жолбарысын көргенін, сол түстен кейін астананы ауыстыруға бел буғанын айтты. Бұлай деп ол "Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильмінде мәлімдеді. 

– Елорданы ауыстыруға шешім қабылдаған кезде көбі мені түсінбеді. Ол кезде Кеңес одағы құлап, біз жеке өз жолымызбен кеттік. Зейнетақы төлеуге қаржы жоқ. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы төлеу қиын болып тұрғанда астананы ауыстыру туралы шешім қабылданып отыр. Сара Алпысқызы "елдің бәрі қарсы болып жатқанда бұны қалай жасамақсың?" деп сұрады. "Мен сені ауылыңа апара жатырмын ғой, Нұраның жағасына дедім",  дейді Назарбаев ел астанасын ауыстыру идеясы туған жылдар туралы. 

Ол астана ауыстыру арқылы саяси тағдырын бәйгеге тіккенін айтты.

– Осы уақытқа дейін талай тәуекелге бардым ғой. Сол тәуекелдердің ең үлкені –  астананы салу болды. Бірақ бәрі орындалды. Интуиция деген бар ғой. Мен өзім соған сенемін. Алладан тілеп жатасың ғой. Сол кезде ойыңа бір сыбыр келеді, осылай дұрыс деген, – деді ол. 

Елбасы шешім қабылдау көрген түсі ықпал еткенін де айта кетті.

– Бір күні түсімде анам марқұм екі жолбарысты жетектеп, үйге кіріп келді. Жаңағы жатқан жолбарыс басын көтеріп, “Барлығы дұрыс болады, қорықпа, жаса…” деп қазақша сөйлеп кетті.Сол уақытта ел астанасын ауыстыруды ойлап, бірақ нақты шешімге келе алмай жүрдім. Әлгі жағдай маған біраз күш-жігер берді. Қазақ ырымшыл халық қой. Әлгі түс маған аян бергендей көрінді, жақсылыққа жорыдым, содан кейін астананы ауыстыруға бел будым, – деді Назарбаев. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев Астана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір