• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:10:47
Алматы
+35°

Нұрсұлтан Назарбаев өмірінің соңғы жылдары өзі сынаған күйеубаласы, Австрия түрмесінде асылған күйі табылған Рахат Әлиев пен шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әблязовты жоғары лауазымға тағайындау қателік болғанын айтты. Бұлай деп ол америкалық режиссер Оливер Стоун түсірген "Qazaq: history of the golden man" атты деректі фильмде мәлімдеді.

– Қаржы полициясы оның қарамағында еді. Осыны пайдаланып, өзгелердің бизнесі мен ақшасын тартып ала бастады. Бір уақытта оған: "Тоқта" деп ескерту жасадым. Ол кезде менің күйеу балам, үш кішкентай немеремнің әкесі болды. Қызым үш немерем мен оның әкесі маған келді. "Мен не істей аламын? Ол – қылмыскер" деп жауап бердім", – деді Назарбаев.

Ол бұл жағдай өзіне өте ауыр соққанын, қызы Дариғаны түсінетінін және аяйтынын жеткізді.

Ал Аблязовты миллиардтаған ақша жымқырды деп айыптады.

– 1991 жылды алып қарасаңыз, Кеңес Одағы ыдырады, бәрі жалғыз қалды. Мен қызметтес болғандардың бәрі бұрынғы коммунистер еді. Бірақ арасында университет бітірген, нарықтық экономика, капитализмнен хабары барлар кездесті. Бұрынғы тәжірибесі кедергі келтірмес үшін мен 30-32 жыл бұрын оларды қызметке тағайындай бастадым. 

Және бұл қателік болды. Олар мемлекеттің азын-аулақ ақшасын, керісінше, жымқыра бастады. Көбі жемқорлықпен ұсталды. Аблязовты Лондон соты халықаралық алаяқ деп танып, соттады. Мен оған кешірім жасадым", – деді ол.




"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір