• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:09:45
Алматы
+35°

Вакцинацияланбаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізген басшыларға салынатын айыппұл мөлшері анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.

Мемлекеттік санитар дәрігердің соңғы қаулысы бойынша 20 адамнан асатын ұжымдардың барлығы 15 шілдеге дейін вакцина салдыруға міндетті.

– Мемлекеттік санитар дәрігердің талаптарын орындамаған басшыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) және 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша айыппұл салынады, – деді Ержан Байтанаев. 

Айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін 5 АЕК (14 585 теңге),  заңды тұлғаларға 15 АЕК (43 755 теңге).

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК (291 700 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (583 400 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК (1 458 500 тенге).

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік нысан қызметін тоқтату түріндегі шара да қарастырылған.

15 шілдеден кейін мониторингтік топтар ішінара тексерулер жүргізеді. Бұзушылық анықталған жағдайда айыппұл санкциялары қолданыла бастайды.

Вакцинацияланбаған қызметкерлер (соңғы үш ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және Covid-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеуден жеті күнде бір рет өтуі қажет.  

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Вакцина айыппұл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір