• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 11:42:23
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде бетон плиталары орнынан жылжып, көтерілген видео тарап жатыр. Оқиға Алматы-Қорғас бетон тас жолының учаскесінде болғаны хабарланды.  Видео kris_p_kz парақшасында жариялады. 

– ҚазАвтоЖол назарына! Шелек жақтан келе жатқанда Моловодноеге жетпей бетондар қайта көтеріліп жатыр. Абай болыңдар жігіттер. Біраз көліктерге зақым келген, – деді кадр сыртындағы адам. 

ҚазАвтоЖол мәліметінше 2021 жылғы 2 шілдеде Алматы-Қорғас Бәйдібек Би кенті маңында ақылы учаскенің 86-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуінен бетон плиталар ығысып, жүріс бөлігінің жабыны көтеріліп кеткен. 

– "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері әкімшілік полициямен бірлесіп жедел түрде ескерту жол белгілерін орнатты, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде полицияның патрульдік көлігі қойылды.  "ҚазАвтоЖол" уақытша қолайсыздықтар туындағаны үшін кешірім сұрайды және жол пайдаланушыларына уақтылы хабардар еткені үшін алғыс білдіреді, – деді компания өкілдері. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір