• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қыркүйек, 18:54:52
Алматы
+20°

Нұрсұлтан Назарбаев пен Серікболсын Әбділдин/фотоколлаж

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы дүниеден өткен саясаткер, 1991-1993 жылдары жоғарғы кеңес төрағасы, 1999 жылғы кезектен тыс президент сайлауында Назарбаевтың оппоненті болған, 2000 жылдардың басынан бері жүйені, Назарбаевтың өзін жиі сынаған Серікболсын Әбділдин туралы көзқарасын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев "Штрихи к портрету. Лидер" деректі фильмінде журналист сұрағына жауап бере отырып, Серікболсын Әбділдинмен дос, оның білімді адам болғанын айта келе, оның жоғарғы кеңес төрағасы болғанын қаламағанын жеткізді.

– Мен оны Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайлануға көндірдім. Бұл – тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Біз жақын болдық, мен оған сендім. Мен 1991 жылғы желтоқсандағы жалпыхалықтық сайлау кезінде қауырт шаруамен жүрдім, ол өз шаруасымен дегендей. Инаугурациядан кейін президент ретінде қызметке кіріскенімде ол жоғарғы кеңес төрағасы болғысы келіп жүрді. Мен оның амбициясы мен бұрыс көзқарасын білетіндіктен, мұны құптай қоймадым. Дау басталды. Басқа үміткерлер өздігінен бас тартып шықты әлде ол (Серікболсын Әбділдин - ред) олармен келісіп алды ма, әйтеуір ол жоғарғы кеңес төрағасы болды да Ресейдегі жоғарғы кеңес төрағасы Хасбулатовпен достасып алды. Әбділдин кеңес елдегі басты орган болғанын қалайтын. Яғни коммунистердің, большевиктердің ұранын қолдады. Бірақ кеңес билігі қантөгіске әкелді. Нарық экономикасына байланысты кез келген заңды парламент (Серікболсын Әбділдин төрағалық еткен жоғарғы кеңес - ред) қайтарып жіберетін. Жекешелендіру туралы заңды қабылдау мүмкін болмады, банктер туралы, жекеменшік, шағын кәсіпкерлік туралы заңдардың бәрін парламент арқылы өткізу мүмкін болмады. Ол жердегілердің бәрі коммунист еді. Мен де сондай болғанмын. Бірақ өзгере білу керек қой, – дейді Назарбаев.

Назарбаев бұдан кейін Әбділдинді "дос арасынан шыққан ең ірі дұшпан" деп сипаттайды. Ол Әбділдиннің өзгеріп шыға келгенін, бірақ жоғарғы кеңес депутаттарының жартысы  өкілеттігін тоқтату туралы жазғанын, осылайша Кеңес одағы кезінде жасақталған жоғарғы кеңес таратылғанын айтады.

Сөз соңында Серікболсын Әбділдин өмірінің соңына дейін өзін өткір сынап өткенін айтып, "оппозиция тек сынауды ғана біледі, мәселенің шешімін ұсынбайды" деп оппозицияның өзін сынайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір