• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:35:12
Алматы
+35°

Жоғары оқу орындарының жас педагог-түлектерін ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мәлім етті.

– Мұндай жаңашылдық білікті педагогтер балаларымызға сапалы білім берулері үшін енгізіліп отыр. Биыл оқуын тәмәмдаған жоғары оқу орындарының түлектері мен осы уақытқа дейін мектепте жұмыс істемеген педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруы тиіс. Тестілеуді тапсырып, қажетті балл жинаған түлектерді ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр. Ұлттық біліктілік тестілеуінде біліктілігін дәлелдегеннен кейін түлектер өз кәсіби дағдыларын мектеп қабырғасында көрсете алады. Бұл жаңашылдық оқуын аяқтап, педагог болып жұмыс істеуге ниет білдірген тұлғаларға ғана қатысты. Яғни, жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге бұл талаптар қойылмайды, – деді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Қазақстандық жоғары оқу орындарына жаңашылдықтың қажеттілігі туралы түлектер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған. Ұлттық біліктілік тестілеуі басталды. Тестілеуді тапсыру үшін ұлттық тестілеу орталығының сайтында алдын ала тіркелу қажет.

2020 жылдан бастап жоғары оқу орындарына педагогикалық мамандықтар бойынша түсуге ниет білдірген түлектерге қойылатын талаптар күшейтілген. Бұрын ҰБТ-да болашақ педагогтер үшін шекті балл 50 болса, енді шекті балл 75-ке дейін көтерілді. Шәкіртақы көлемі де 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап елдегі барлық студенттің шәкіртақысы 20%-ға өсті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір