• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:33:12
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептердегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты.

– Қазір еліміздің барлық мектептері бейнебақылау камералармен 100% қамтамасыз етілді. Десек те, білім мен ғылым және Ішкі істер министрліктерінің бірлесіп жүргізген мониторингі осы камералардың 55% ғана талаптарға сай екенін көрсетті. Бұл мәселелерді шешу үшін жергілікті бюджеттерден 1,4 млрд теңге қаражат қарастырылды.

Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында бейнебақылау жүйелері мәселесі шешімін табады. Түркістан, Атырау, Жамбыл облыстарында қаражат жеткіліксіз деңгейде қарастырылған. Жергілікті әкімдіктерге тиісті қаражат бөлулерін сұраймыз, — деді министр.

Аймағамбетовтың айтуынша, білім беру ұйымдарында дабыл түймелерін орнату жұмыстары жүзеге асуда. Бүгінгі таңда олардың саны – 648. Бұл мәселе тек Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында толығымен шешілген.

– Проблеманы шешу үшін жергілікті бюджеттен 980 млн теңге сомасында қаражат көзделген. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында қаражат толық қарастырылмаған. Сонымен қатар қалаларда орналасқан білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен қамту қажет.

Мамандандырылған күзет қызметі бүгінгі күні қала мектептерінің 38%-ында енгізілген. Жергілікті атқарушы органдар қосымша 828 млн теңге мөлшерінде сома бөлді. Бірақ әлі де қосымша қаржы бөлу керек. Қаражат 8 өңірде жеткіліксіз: Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында. Бұл білім беру ұйымдары болғаннан кейін күзет әр жыл сайын ауыса бермеу үшін арнайы күзет қызметімен қол қойылатын келісімшарттарын кем дегенде 1-3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қаржы министрлігінен қарастыруды сұрап отырмыз, – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір