• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:47:46
Алматы
+35°

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы ассамблеясын өмір бойына басқару құқығы әзірленіп жатыр, деп хабарлады kaztag.kz сайты.

Ел үкіметі бұйрық жобасын президент қарауына ұсыну туралы тиісті қаулы қабылдап үлгерген.

Қазақстан Республикасы президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі №149 жарлығымен бекітілген "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеге" енгізілгелі жатқан өзгерістер мен толықтыруларға сай, Қазақстан Республикасының президенті" деген 5 пунктке "Қазақстан Республикасының президенті – Елбасыға ассамблеяны өмір бойы басқару құқығы тиесілі, ол одан бас тарта алады" деген  5-1 пунт қосылмақ.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елді 30 жылға жуық басқарып, 2019 жылғы 19 наурызда өз еркімен өкілеттігін тоқтатқан. Дегенмен ол үлкен сяясаттан толық кеткен жоқ. Н.Назарбаев бүгінде Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесіне, "Nur Otan" партиясына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңеске, Назарбаев университеті, зияткерлік мектебі және қордың Жоғары қамқоршылық кеңесіне төрағалық етеді.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Н.Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір