• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:07:39
Алматы
+35°

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында Нұр-Сұлтанда коронавирустың үнділік "Дельта" штаммына тән мутацияның ықтималдығы анықталғанын мәлімдеді. 

Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласы әлі де "қызыл" аймақта екенін және вирус жұқтырғандар саны азаймай тұрғанын айтып, денсаулық сақтау министрлігіне нақты шараларды қабылдау қажеттігін тапсырды. 

– Елордада коронавирустың "Дельта" штаммына тән мутацияның ықтималдығы анықталып отыр. Оның таралу жылдамдығы өте жоғары, жылдам өршиді және салдары анағұрлым ауыр. Осы ретте бүгін Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізуді және Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдату бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын, – деді Мамин. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, "үнді" штаммы өзге штаммдарға қарағанда тез жұғады және инкубациялық кезеңі қысқа, 7 күнге дейін созылады.

– "Дельта” коронавирус штаммы жоғары жұқпалы және анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалырақ, 7 күнге дейін қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады. Соңғы зерттеулер көрсеткендей “үнді” коронавирус штаммы ауруханаға жатқызу және өлім жағдайларының жоғары ықтималдығымен байланысты. Індетке шалдыққандарда жаңа симптомдар байқалуда: буындар мен іштің ауыруы, тіпті есту қабілетінің нашарлау қаупі бар, – деді А. Цой. 

Сонымен қатар Алексей Цой "үнді" штаммының таралуы, аурудың салдары мен белгілері туралы қолда бар мәліметтерді ескеріп, өңірлерге дәрі-дәрмектің жеткілікті қорын, жасанды тыныс алу аппараттарын, жеке қорғаныш құралдарын, төсек-орындарды, сондай-ақ жедел жәрдем мен мобильді бригадалардың дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. 






 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір