• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 17:52:36
Алматы
+35°

Алматы облысының Құлжа тас жолында жеті адам жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жол апатының суреттері taldykorganec.insta парақшасында жарияланды.

Қайғылы оқиға 19 маусым күні сағат 18:50 шамасында болған. Байсейіт кентінің маңында Toyota Rav4 жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бетке шығып кетіп, Audi автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан 2 жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында, тағы 2 адам Шелек ауылының ауруханасында қайтыс болды.

Оның ішінде 16, 13, 8 жастағы балалар және 4 айлық сәби бар. Тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы бойынша (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір