• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:21:22
Алматы
+35°

Ақтөбе облысында көлік өртеніп, бір отбасының екі баласы қаза тапты. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, оқиға Әйтеке би ауданында болған. Ағайындылар аулада бұзылып тұрған көлік ішінде ойнаған. Кенеттен ескі көлік отқа оранып, 3 жасар бала тірідей жанып кеткен. Оның 7 жастағы ағасы өртенген көліктен шыққанымен, 4-дәрежедегі күйік алып, жедел ауруханаға жеткізілген. Аудандық аурухананың дәрігерлері мен Ақтөбеден келген мамандар бүлдіршіннің өмірі үшін күрескенмен, құтқарып қала алмады.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың денесін 80 пайызға дейін күйік шалуына байланысты өте ауыр жағдайда Әйтеке би аудандық ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөлімінде реанимациялық көмек көрсетілген.

– Қаладан медициналық авиациядан құрамында реаниматолог-анестезолог және комбустиолог, травматолог дәрігерлер келді. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құштаева. 

Өрттің шығу себептерін мамандар анықтауда. Жалпы жыл басынан бері аймақта 160-тан астам өрт болып, салдарынан 5 адам қаза болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе балалар көлік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір