• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Ақпан, 03:16:38
Алматы
-2°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сайт мәліметінше, агенттік төрағасы мемлекет басшысына "көлеңкелі" экономика деңгейін қысқарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берген. Аталған міндет жүйелі әрі кешенді алдын алу шараларын әзірлеу және өткізу арқылы жүзеге асырылуда.

Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа  бүгінге дейін 2,8 триллион теңге көлемінде жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан 87 қылмыстық топтың жолы кесілгенін баяндады.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаға айналдырған қаржы көлемін 24 пайызға азайту мүмкін болды. Бұдан бөлек жасырын жұмыс істеген 10 цехтың қызметі тоқтатылып, есепте жоқ 800 мың шөлмектен астам алкоголь өнімі тәркіленді. Сондай-ақ 96 заңсыз ойын мекемесі жойылып, заңсыз айналымнан 1200-ден астам ойын автоматы, терминал мен покер үстелі алынды. Мұнай және мұнай өнімдері бойынша 40 заңсыз айналым  дерегі анықталды" делінген хабарламада.

Тоқаев "Айқын экономика" ұлттық жобасын іске қосу туралы бастаманы қолдады. Қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнестің "көлеңкелі сектордан" шығуын ынталандыру аталған бастаманың стратегиялық басымдығы болып табылады.

Агенттік төрағасының айтуынша, 2021-2022 жылдары Қазақстанның жылыстатуға қарсы жүйесі қылмыстық жолмен түскен табыстарды заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ФАТФ (Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) стандарттарының сақталуы бойынша өзара бағалаудан өтуі тиіс.

Президент агенттіктің аталған шараға қатысты жүргізіп жатқан дайындық жұмыстарының маңызды екенін атап өтті және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір