• USD 424.6

  • EUR 500.9

  • RUB 5.73

  • CNY 65.51

27 Шілде, 05:00:21
Алматы
+22°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға үндеу жолдады.

– Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отыр. COVID-19 вирусының үшінші толқыны орын алу қаупі туындады. Әсіресе, вакцинация деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші күрт артты. Жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа дерек тіркеліп отыр. 3,8 миллионнан астам адам көз жұмды. Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр. Ресей мен Қырғызстанда ауру таралу көрсеткіші өткен жылдан да асып түсті, – деді ол.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, елде эпидемиологиялық ахуал тұрақты, тұрғындар арасында вирус жұқтыру төмендеген.

– Жаз айларында біздің көптеген отандастарымыз алыс-жақындағы шет мемлекеттерге барып демалуға ағылады. Соның ішінде, СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық ахуалы алаңдатарлық елдер де бар. Мұны ескермеуге болмайды. Шетелде демалуға ниетті азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамын.

Вакцинация сіздің ағзаңыздың вирусқа қарсы қорғанышын қамтамасыз етіп, саяхатты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Жазғы демалысты алаңдамай, ойдағыдай өткізу үшін COVID-19-ға қарсы екпе алыңыз. Вакцинация сізге әуежайларда еш қиындықсыз елге оралуыңызға, әрі өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпсіз сезінуіңізге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қиясов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір