• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

04 Желтоқсан, 16:22:06
Алматы
+10°

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байден кездескенде не айтады? Осы тақырып төңірегінде Қамшы тілшісі шетелдік баспасөзге, соның ішінде BBC, The Independent және The New York Times басылымдарына шолу жасады. 

16 маусымда Владимир Путин мен Джо Байден арасындағы Женева саммиті кездесуі болады. Дегенмен, кейбір сарапшылар бұл кездесуді "күрең қабақ кездесу болады" деп топшылайды.

Ресей жақында АҚШ-ты өзінің "дос емес мемлекеттерінің" ресми тізіміне қосты.

Екі тарап та бір-бірімен қарым-қатынасын төменгі деңгейде деп сипаттайды және қазіргі уақытта екі елдің де бір-бірінде елшісі жоқ; Украинаның Қырымын аннексиялаудан бастап, сайлауға араласқанға дейінгі көптеген оқиғалар үшін Ресейдің жоғары шенеуніктері Американың санкцияларына ұшырады, ал АҚШ-тың бұрынғы теңіз әскерлері қазір Ресей түрмелерінде. Оның біреуі тыңшы деп айыпталып, 16 жылға қамауға алынған.

Оның үстіне наурыз айында Джо Байден сұхбат бергенде Владимир Путинді "киллер" деп атаған.

Сонымен бірге, бұл екі адам бірінші рет президент ретінде кездеспекші, ал Ресейде кейбіреулер мұны өз алдына жетістік деп санайды.

Бұл мәртебе

"Саммит символизм тұрғысынан маңызды; ол Ресейді АҚШ-пен бір қатарға қосады, ал Путин үшін символизм маңызды емес" дейді Мәскеудегі RIAC сараптама орталығының директоры Андрей Кортунов. 

Кездесу Байденнің Ақ үйге кіргеннен бергі ең алғашқы шетелдік сапарында болады. Оған қоса, бұл кездесу Байденнің арнаулы жоспары бойынша өтеді. Оған Кремль үшін де ұтымды ұпайлар кіріуі ықтимал. Бұл сондай-ақ басқа оқиғалар сияқты қысқа кездесу емес, толық саммит.

АҚШ президенті НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтеріндегі кездесулері және одан өзге көптеген күн тәртібіндегі кездесулер болғанына қарамастан, еуропалық сапардың соңғы аялдамасына сәрсенбіде Владимир Путинмен жеке кездесуіне ерекше қызығушылық танытып отыр.

– Путин сөзсіз АҚШ президентімен тең, өз шарттарында құрметке ие болғысы келеді. Путин "бұлшық еттерін көрсетіп, клубтың мүшесі болғысы келеді, – дейді саясаттанушы Лилия Шевцова.

Тарих мен үміт

Мұндағы Женеваны таңдаудың да тарихи маңызы бар. Женавада 1985 жылы қырғи-қабақ соғыс кезеңінде Рональд Рейган мен Михаил Горбачевтің алғашқы саммиті болған.

Сарапшылар бүгінгі Ақ үйдің мақсаты Ресеймен "тұрақты" және "болжамды" қарым-қатынас екенін айтады.

Владимир Путиннің қолдауындағы күштер 2014 жылы Қырымға кіріп, түбекті Украинадан алғаннан бері Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы жағдай ушыға түсті.

Бұл Ресей мен АҚШ қатынастарындағы шиеленістің басталуы болды.

– Бір-бірінің қызыл сызықтарының қайда жатқанын тексеру – бұл неғұрлым дұрыс мақсат болар еді. Бұл диалогты ақыры жоқ шиеленістен дұрыс жолға қайтаратын жол еді. Егер олар дұрыстап сөйлеспейтін болса, онда Ресейдің болашағы күтпеген жағдайда қалады, –  дейді Шевцова.

Олар не істеуі мүмкін?

Осы демалыс күндері Владимир Путин мемлекеттік телеарнада АҚШ-пен бірге біраз маңызды істерді жасай алатынын жариялады. Ядролық қаруды бақылау жөніндегі жаңа келіссөздерден бастап, Сирия мен Ливияны қоса аймақтық қақтығыстарды және климаттың өзгеруін талқылайтынын айтты.

– Егер біз осы мәселелермен жұмыс істеу тетіктерін жасай алсақ, онда менің ойымша, саммит бекер болған жоқ деп айта аламын, – деді Путин.

Ресейдегі кейбір сарапшылар "дипломатиялық соғыста" бітімгершілік болуы мүмкін деп болжайды. АҚШ соңғы жылдары ондаған ресейлік дипломатты шығарып, Ресейге қатысты екі жобаны жапты. Енді АҚШ-тың Ресейдегі барлық миссияларына тыйым салынуы ықтимал. Оған қоса, виза, Ресейге қатысты қызметтер күрт қысқартылуы мүмкін.

Келісуге дайындалу 

– Путин парасатты саясаткер ретінде осы қарама-қайшылыққа байланысты шығындар мен тәуекелдерді азайтуды қалайды, – деп санайды Кортунов.

Шығындар мен тәуекелге экономикалық санкциялар кіреді. Соңғы раундтағы санкциялар үкіметтің қаражат жинау мүмкіндіктерін шектеді. Ал жаңа санкциялар одан әрі жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл Ресей экономикасына үлкен қысым жасайды.

– Қазір ресей қоғамының сыртқы саясаттағы "жеңістерге" тәбеті жоқ, қазіргі кезде ел ішіндегі әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешу маңызды, – дейді Кортунов.

Айтпауға болмайтын дәріс

Владимир Путин қаламайтын тағы бір тақырып бар. Бірақ ол тақырып айтылмаса болмайды. Ол адам құқығы туралы дәріс, соның ішінде Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйдың ісі. Ол алғашында уланып, қазір түрмеде отыр.

Мәскеу соты Навальныйдың саяси кеңселері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымына "экстремист" деп тыйым салған. Ал бұл шешім саммит аяқталғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

Владимир Путин диссиденттердің көзін құрта береді және бұл Америкаға қатты қызық емес.

– Байден өзінің әуеніне басады: Навальный және адам құқығы туралы азырақ сөз қозғауы ықтимал; содан кейін Путин да өзінің ойын істеуге күш салады. Адам құқы туралы азырақ ащы дәмнен кейін, олар негізгі тамаққа көшеді. Ол болса "Жарайды, келісейік, бірдеңе жасайық" деуі әбден мүмкін, – дейді Шевцова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин Байден

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір