• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:00:48
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы Тоқаевқа биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды айтты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, үкімет басшысы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын айтып, Covid-19 індетінің таралуы бойынша Қазақстан "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткенін жеткізген. Бір апта ішінде індет жұқтыру деңгейі 30 пайызға азайып, коронавирустың таралу индексі 0,84-ке дейін төмендеген. Жұқпалы аурулар бөлімдерінің 24 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 21 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта, Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары "сары" аймақта. Қалған 10 облыс – "жасыл" аймақта.

Қазіргі таңда 2,4 млн адам екпенің бірінші компонентін алды, 1,3 миллионға жуық адамға екпенің екінші компоненті салынған.

Мемлекет басшысы тұрғындарға вакцина салу қарқынын бәсеңдетпеудің және эпидемияға қарсы шараларды жалғастырудың маңызды екенін атап өткен.

Кездесу қорытындысы бойынша президент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, құрылыс материалдарының бағасын реттеу, сыртқы және ішкі инвестиция көлемін арттыру, өңдеу секторын дамытып, өсімін қамтамасыз ету арқылы экономиканың құрылымдарын әртараптандыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға баса мән беруді тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір