• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:15:55
Алматы
+35°

Сальвадор биткоинді ресми валюта ретінде жариялаған әлемдегі бірінші ел болды.

Президент Найиб Букеленің криптовалютаны заңды валюта ретінде қабылдау туралы ұсынысын Конгресс мақұлдады.

Президент үкіметтің тарихи оқиға жасағанын және бұл қадам шетелде тұратын сальвадорлықтардың үйлеріне ақша жіберуін жеңілдететінін айтты.

Биткоин Сальвадорда 90 күннен кейін АҚШ долларымен қатар заңды төлем құралына айналады.

Жаңа заң бойынша, әрбір бизнес тауарлар мен қызметтерге заңды төлем құралы ретінде биткоинды қабылдауы керек.

"Бұл біздің елімізге қаржылық табыс, инвестиция, туризм, инновация және экономикалық дамуды әкеледі" деді президент Букеле өзінің твиттер парақшасында.

Кей қаржылық және заңды бақылаушылар заңның өзгеруін керемет жетістік және тарихи сәт деп сипаттаса, кей мамандар криптовалютаның құбылмалылығына алаңдаушылық білдірді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Криптовалюта

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір