• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:24:29
+35°

Ернар Құрмашев Алматы қаласы әкімінің штаттағы креативті экономика жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ернар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда туған. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ін тәмәмдаған, АҚШ-тағы New York Film Academy-де тағылымдамадан өткен. Kazakhstan Computer Graphics ЖШС басшысы, Astana Film Fund кинокомпаниясының директоры, Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас продюсері болып жұмыс істеген.

Алматының мәдениет басқармасының басшысы, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылдың сәуір айынан "Қазақстанның креативті кәсіпкерлер қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы болды.

"Томирис", "Анаға апарар жол", "Каникулы off-line", "Районы", "Бизнесмендер" сияқты бірқатар қазақстандық фильмдердің продюсері ретінде жұмыс жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір