• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:42:58
Алматы
+35°

Фото: Halyk bank баспасөз қызметі

Қоғамдық орындарға кіру үшін енді Ashyq сервисі бар Halyk Homebank қосымшасын пайдалануға болады. Жоба Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске асырылды. Қазіргі уақытта функционал Android пайдаланушылары үшін қолжетімді, iOS пайдаланушылары үшін – жақын арада пайда болады.

– Ashyq сервисінің Halyk Homebank қосымшасында пайда болуы – біздің танымал қосымшамызды қолданатын 6,5 миллионнан астам ел азаматы денсаулығына қауіп төндірмей қоғамдық орындарға бару мүмкіндігін алды деген сөз. Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске қосылды. Мемлекеттік органдармен осындай бірлесе атқарған жұмыс және Halyk Bank-те іске қосылатын технологиялардың арқасында біздің клиенттеріміздің мүмкіндіктері үнемі кеңейіп отырады. Halyk Homebank қосымшасын және оған біріктірілген Ashyq сервисін пайдалана отырып, қазақстандықтар сүйікті орындарына кедергісіз бара алады", – дейді Halyk Bank Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Инновациялар және аэроғарыш қызметі цифрландыру министрі Бағдат Мусин министрліктің пандемия кезінде бизнеске көбірек мүмкіндік беру және халық арасында жұқтыру қаупінің төмендеуіне ықпал етуге деген ниетін Halyk Bank басшылығы қолдағанын жеткізді.

– Енді Ashyq сервисін Halyk Homebank қосымшасында қолдануға болады. Банктің бизнесті қолдау туралы біздің ұсынысымызды қабылдағаны жоғары әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді! Ірі коммерциялық құрылымдармен ынтымақтастық мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ол.

Halyk Homebank қосымшасында Ashyq сервисін қосу және өшіру мүмкіндігін енгізілген. Егер клиент Ashyq сервисін қолданамын деп шешім қабылдаса, онда қажетті мекемеге бару кезінде Halyk Homebank қосымшасын ашып, функционалды қосып және мекеменің кіре берісінде орналасқан Ashyq бағдарламасының QR-кодын сканерлеу қажет. Нысанға кіруге рұқсат беретін тиісті мәртебе көрсетілгеннен кейін мекеме қызметкеріне кіруге рұқсат мәртебесін көрсету қажет.

Halyk Homebank қосымшасы арқылы QR сәйкестендіруді қажет етпей-ақ кез келген уақытта өз мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасына кіріп, басты беттегі Ashyq бөлімін таңдау қажет. Қоғамдық орындарға кіруге рұқсат беретін немесе шектейтін мәртебе смартфон экранында көрсетіледі.

Қазіргі уақытта қосымшада берілген мәртебенің 4 деңгейі бар:

Қауіпсіз – ешқандай шектеулер жоқ, ПТР тесті теріс;

Бейтарап - Шектеулер тек ПТР сынағы қажет ететін жерлерде ғана;

Байланыс – объектілерге баруды ішінара шектеу

Жұқтырған – қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілмейді. ПТР сынағы оң.

Сервисті пайдалану үшін Halyk Homebank қосымшасын жаңарту керек.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Halyk Bank Бағдат Мусин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір