• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:00:23
Алматы
+35°

АҚШ президенті Д.Байден мен Ресей президенті В.Путин/фотоколлаж

Кеше Ресей президенті Путин "Нордстрим-2" құрылысы аяқталды деп мәлімдеді. Осыған Украинадағы кей ресейшіл азаматтар өре түрегелді – әне, құрылыс аяқталды, енді Украина газсыз қалатын болды, ойбай енді қайттік? Құрыдық. т.с.с.

Біздің Қазақстанда Мәскеуге бүйрегі бұратындар жетерлік: – Әне, айттым ғой, Путин саламын деді – салды, қанша санкция салса да РФ-ның дымы кетпейді, рубль күшейіп келеді, Байдендікі баланың ойыны болып кетті, Германияға санкция салмады, т.с.с.

Енді шындық қандай? Құрылыс әлі аяқталған жоқ. Әлі 100 шақырым құбыр тартылуы керек. Жарайды, тартылсын-ақ делік, себебі санкция салынған ресейлік компаниялар әзірге санкцияның салдары жетіп үлгергенше құрылысты аяқтауы да мүмкін, оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ енді осы құрылысты эксплуатацияға тапсыруы керек қой. Жарайды, комиссия мүшелерін ақшамен сатып алса да құрылысты тапсырды екен делік, себебі комиссия мүшелерінің көбі ресейліктер болуы мүмкін. Бірақ енді құрылысты сертификаттау керек қой? Ал ол еуропалықтар. Айтқандай, Путинге жауап ретінде Еурокомиссия да бүгін құрылыстың әлі аяқталмағанын жариялады.

Ал Байденге келсек, ол неге Германия инвесторларына санкция салмайды? Оның себебі – ол Германиямен жанжалдасқысы келмейді. Трамп пен Путин Еуропа елдерін бөлшектеп Еуроодақты да, НАТО-ны да таратуға тырысты, ол үшін әртүрлі жанжалдар ұйымдастырып отырды. Байден келісімен осы арадағы жікті, салқындықты жоюға тырысты және ол қолынан келді де. Батыс қайтадан біртұтас болып біріге бастады, соның арқасында олар синхронды түрде бірлесіп біресе РФ-ға, біресе Беларуське, біресе Қытайға санкция сала бастады. Бәрібір алдағы күзде жұмыстан кеткелі отырған Меркельмен шекісіп жатқысы келмейді Байденнің. Ал күзде жаңа канцлермен саясаттың басқаша болуы да мүмкін.

Қуаныш Еділхантегі

Халықаралық шолушы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір