• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:49:43
Алматы
+35°

Қостанай облысы Меңдіқара аудандық білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов өзіне қол жұмсаған. Оқиға 2 маусымда болған, деп жазады "ТоболИнфо" ақпарат агенттігі.

Қалыбек Жүгінісов 2 аптадан бері үйқамақта болған. Оған қатысты жемқорлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан. 2 маусымда әйелі Қостанай кетіп, Жүгінісов үйде жалғыз қалған. Кешке туыстары оны асылып тұрған жерінен тапқан.

Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров Қалыбек Жүгінісов Қызылорда облысының тумасы екенін, 2015 жылы Қостанай облысына келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарғанын айтқан. Ал үш жыл бұрын ол білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған.

– Ұжымымыз оны қатты сыйлайтын. Ол ешкімнің қолын қақпайтын, бәріне көмектесуші еді. Білім саласы, қызметкерлері, жұмыс үшін үнемі алаңдаушылық білдіріп жүретін. Жауапкершілігі мол болатын. Болған жайт бізге ауыр тиді. Біз оның отбасына қайғыра көңіл айтамыз, –  дейді Азамат Жанайдаров.

Қалыбек Жүгінісовке зейнетке дейін 3 жыл қалған. Оның артында әйелі, ересек үш баласы қалды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: оқыс оқиға

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір