• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:10:14
Алматы
+35°

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) және 141-бабының 2-бөлігі (абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпараттар заңға сәйкес жарияланбайды" делінген департамент таратқан хабарламада.

Тергеу жұмыстары қауіпсіздік талаптарына сай қызмет көрсетпегені үшін адам өліміне әкеп соққан жағдай және балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің сақталмауы бойынша жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, соның салдарынан экспедицияда жүрген мұғалім, ата-ана, оқушылардан тұратын топтағы бір мұғалім мен бір оқушы мерт болып, бір оқушы тәулікке жуық уақыттан кейін табылған. Тағы 6 адам зардап шеккен.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шарын Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір