• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 16:32:09
Алматы
+19°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылуында видео үндеу жасады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтіп жатқан шараға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 мемлекеттің делегаттары қатысып жатыр. Сессияның негізгі тақырыбы – "Қазіргі пандемияның аяқталуы және алдағы індеттердің алдын алу: тиімді, қауіпсіз әрі бейбіт әлемді бірлесіп құру".

Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының сессиясы бүкіл әлем 1,5 жылдан бері коронавируспен күресіп жатқан аса күрделі кезеңде өтіп отырғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, коронавирус ұлттық денсаулық сақтау жүйелері мен көпжақты институттар үшін теңдессіз сынақ болған.

– Ғаламдық дағдарыс кезінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық мүше мемлекеттермен белсенді қарым-қатынас жасады. Ұйым өзінің біліктілігімен, бастамашылдығымен, мол тәжірибесімен дамушы және дамыған елдердің індетке қарсы күресіне басшылық етті. Ол ғалымдардың ғылыми жаңалықтар ашуына ұйытқы болды. Сонымен қатар мұқтаж жандар үшін қажетті ресурстарды жұмылдыруды шұғыл ұйымдастырды, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ассамблеяның қазіргі қызметі жасампаздық пен ұжымдық жауапкершілікке негізделген болашақ бағыт-бағдарды айқындауға жақсы мүмкіндік береді.

Президент кешегі мен бүгінгінің ауыр сынақтарынан сабақ алып, ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің ұсынысын толық қолдайтынын айтты. Бұл ұсыныстар ДДСҰ-ны реформалауға және оны қуатты, тиімді әрі қаржылық тұрғыдан дербес халықаралық деңгейдегі ұйым ретінде трансформациялауға бағытталған.

Тоқаев үндеуінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің маңызына, атап айтқанда, 2018 жылғы Астана декларациясын ілгерілетуге назар аударды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір