• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

25 Қаңтар, 17:16:28
Алматы
-4°

Алматы – Нұр-Сұлтан рейсі ұшағында жолаушы жанжал шығарды, деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.

Оқиға 30 мамырда болған. Жанжалдың шығуына жолаушының авиакомпания қызметкерлері талабын орындамағаны және тасымалдау ережелерін сақтамағаны себеп болған. Жолаушы ашу-ызамен қызметкерді итеріп, бортқа кіргені анықталды.

"Жанжал шығарған жолаушыны ұшақтан шығаруға байланысты рейс кешікті. Жолаушыға тіркеу кезінде және бортқа отырғызу рәсімі кезінде жүгін тіркемесе, рейске жіберілмейтіні туралы екі мәрте ескертілді. Өйткені тасымалдау ережелеріне сәйкес бортқа бір қол жүгі бар жолаушылар ғана жіберіледі" делінген хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметі бұл оқиғаның басқа жолаушыларға қолайсыздық туғызғанын атап өтті.

"Авиакомпания ережелерін сақтамаған жағдайда біз авиациялық қауіпсіздік рәсімдерін ұстануға мәжбүрміз. Жолаушыны борттан шығарған кезде біз әуе кемесі мен жолаушыларды қайта тексеруге тиіспіз" деп атап өтті FlyArystan-ның баспасөз қызметі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір