• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Ақпан, 09:50:53
Алматы

Алматы облысындағы Шарын шатқалында сел жүруінің салдарынан 2 адамның өмірін қиған оқиғаның жай-жапсары хабарланды.

 
 
29 мамыр күні Алматыдағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №199 гимназияның 5 "Ә" сыныбында оқитын 8 оқушы, 5 ата-ана, 3 мұғалімнен тұратын топ Шарын шатқалына экскурсияға шығады.
 
 
Сол күні түс кезінде, яғни 13:35-те Алматы облысы төтенше жағдайлар депарламентіне шатқалдың төменгі жағында сел жүргені туралы хабар түседі. Белгілі болғандай, кенеттен 15 минут бойы бұршақ араласқан нөсер жауған. Осы уақытта оқушылар мен ересектерден құралған топ шатқал ішінде жүрген.
 
Оқыс оқиға салдарынан Мерей Ибрагимов есімді мұғалім мен Рания Қасен есімді оқушы қаза тапты. 11 жастағы Зере Бейсенбей ұшты-күйлі жоғалып, оны келесі күні таңғы 6-лар шамасында оқиға болған тұстан бірнеше шақырым жерден тапты. Іздеуге 100-ге жуық адам қатысты.
 
– Жауын басталды, біз жасырынып қалдық. Бірақ жауын үдей түсті, найзағай ойнады. Су көптеп жинала бастады. Біз тастарды ұстанып тұрғанбыз. Бір мезетте мен қолымды жібердім. Өйткені ағыс қатты еді. Көзімді жұмдым да, жата кеттім. Бір мезетте тастан ұстанып, тырмысып жағаға шықтым. Құрғақ жерде отырып, көмек күттім, –  дейді Зере Бейсенбей. Қазір оның жағдайы орташа тұрақты деп бағалануда.
 
Қаза тапқан мұғалім Мерей Ибраимов 26 жаста болған. Гимназияда 3 жыл жұмыс істеген. Гимназия директоры Сандуғаш Нышанова қызметкері Чехияда, Италияда оқығанын, мінезі ашық, ақжарқын, балалардың сүйікті мұғалімі болғанын айтады.
 
– Ол қыздарды құтқармақ болған. Бірін құтқарды, екіншісін құтқара алмады. Өзі де бірге кетті, – дейді Сандуғаш Нышанова.
 
Қайтыс болған оқушы Рания Қасен 5-сыныпта оқыған.
 
Бүгінде 4 адам ауруханада жатыр. Оның екеуі оқушы. 2009 жылы туған оқушының жағдайы ауыр. Оның бассүйегі мен миына зақым келген, денесінде көптеген жарақат бар. Қалған науқастардың жағдайы тұрақты.
 
 
 
Алматы қаласы білім басқармасы шатқалға қыдыру демалыста ұйымдастырылғанын, бұл туралы гимназия басшылығы білмегенін мәлім етті.
 
Дереккөз: informburo.kz
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір