• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:30:49
Алматы
+35°

Қазақстанда биыл 55,7 мың адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, осы жылы әлеуметтік төлем алғандардың ішінде 33,3 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалған.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40 пайызына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады" делінген хабарламада.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскер алдымен eGov.kz порталына тіркелуі керек Мұнан соң "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдап, онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыруы және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберуі қажет.

Бір күн ішінде тұрғылықты жердегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкері хабарласады).

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір