• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:22:56
Алматы
+35°

Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

– Биылғы жылдың 29 мамыры күні сағат 13:25-те Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын шатқалының етегінде батпақты-сел жүргені туралы хабар түсті. Оқиға салдарынан 6 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың бірі кәмелетке толмаған. 1 адам із-түзсіз жоғалды. Зардап шеккендерге жедел медициналық жәрдем көрсетілді. Жоғалған адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, – деді Талғат Уәли.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында 31 құтқарушы, 8 техника және жедел жәрдемнің 4 көлігі мен 6 қызметкері жұмыс істеп жатыр.

8(7282)22-02-13, 22-02-18 нөмірлер бойынша арнайы желі қосылған. Қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір