28 Мамыр, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Германия отарлау дәуірінде Намибияны басып алған уақытта геноцид жасағанын ресми мойындады және қаржылық өтемақы беретінін жариялады. Неміс отарлаушылары ХХ ғасырдың басында он мыңдаған Гереро мен Нама тұрғындарын өлтірген. Сыртқы істер министрі Хейко Маас жұма күні сол кездегі қанды оқиғаны "геноцид" деп мойындады.
"Германияның тарихи және моральдық жауапкершілігін ескере отырып, біз Намибиядан және құрбан болғандардың ұрпақтарынан кешірім сұраймыз" деді ол.
Маас Германия "құрбандарға келтірілген орасан зор азапты мойындап, елдің дамуына құны 1,1 млрд еуродан асатын бағдарлама арқылы қолдау көрсететіндігін айтты.
Келісім бойынша 30 жыл бойы Германия Намибияның инфрақұрылымын, денсаулық сақтау мен оқыту бағдарламаларын қаржыландырады.
"Біз қазір бұл оқиғаларға ресми түрде бүгінгі күн тұрғысынан геноцид деп қарайтын боламыз" деген Маас жұма күнгі мәлімдемесінде отарлық дәуірдегі іс-әрекеттерді "аяусыз және жасырып, жаппай" талқылау керек деді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір