• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:47:33
Алматы
+35°
Саясаттанушы, бұрын Алматы қаласы, президент әкімшілігінде істеп, жиһаз жасау бизнесіне бет бұрған Санжар Боқаев соңғы уақытта отандық автокөлік өндірісі саласындағы көзбояушылықтар туралы жиі мәселе көтеріп жүр. Ол үкімет сайтынан Қазақстан 167 автокөлік моделін өндіретіні туралы ақпарат көріп, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен 167 модельдің нақты атын атап, түсін түстеуді сұраған. Оған министрлік жауап берген. Саясаттанушы министрлік жауабына қанағаттанбайтынын айтып, премьер-министр Асқар Маминді мәселеге жіті назар аударуды сұрайды.
 
– ҚР Индустрия министрлігі біз қандай 167 автокөлік моделін өндіреміз деген сұрағыма жауап берді. Министрліктің жауабын қанағаттанарлықсыз деп есептеймін. 40 модельді атап шығу, оның ішінде 20-сын біз өндірмейміз, дайын күйінде алып келеміз, ал 80 модельді камаздардың түрлері, тағы 39 модель автобустар деу, жай ғана өтірікті ақтауға тырысу емес, істің нақты мән-жайын мақсатты түрде жасыру деп есептеймін. Бұл үкімет басшысы ретінде сіздің мұқият тексеру және бағалау жүргізуіңізді талап ететін мәселе, –  деген ол Қазақстан "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"  құрып жатқанын қаперге алып, министрлік деректерді түзетудің орнына, өзінің қыр соңына түсіп, арандату әрекеттерін ұйымдастырып, ақпараттық соғыс ашқанын айтады.
 
Ол министрлік соңғы 10 жыл ішінде 130 жаңа машина құрастыру зауыты қайда салынған деген сауалды да жауапсыз қалдырғанын жеткізіп, индустрия министрлігі қателіктерін түзетіп, 15 күн ішінде жауап бермесе, Есеп комитеті мен Бас прокуратураға жүгінетінін мәлім етті.
 
– Сөз соңында айтарым, өзім барып қазақстандық қамтуды санап шығу үшін 130 зауыттың мекенжайы бойынша ақпарат беруді сот арқылы талап етемін. Әзірге Үкіметтің барлығын тексеруге, түзетуге және қоғамға ақпаратты жеткізуге мүмкіндігі бар. Асқар Ұзақбайұлы, Сізден "Халық үніне құлақ асатын мемлекетті" қамтамасыз етуіңізді өтінемін. Мен Сіздің қызметтен кетуіңізді сұрамаймын. Сізді немесе Сіздің министрлеріңізді ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді. Өйткені дәл сондай адамдар орындарыңызға келеді. Біз құндылықтарды өзгертуге тиіспіз. Өтірікпен, көзбояушылықпен және кәсібисіздікпен күресті бірге жариялайық. Сонда айналадағы нәрсенің барлығы өзгере бастағанын көресіз, – деді Санжан Боқаев.
 
Санжан Боқаев соңғы уақытта әлеуметтік желідегі парақшалары мен берген сұхбаттарында өзі кезінде белортасында жүрген мемлекеттік қызметтің тиімсіздігі, Қазақстандағы жемқорлық, бюджет қаржысының жөн-жосықсыз ысырап етіліп жатқаны туралы жиі айтып жүр.
 
Ол кейінгі жазбаларында отандық автоөндіріс саласындағы көзбояушылықтар туралы жаза бастаған. Ұзамай өздерін машина жасайтын өндіріс орындарында істейтін мамандар деп таныстырған адамдар Боқаевты "жалған ақпарат таратып отырғаны" үшін айыптап, автоөнеркәсіп саласы қалай жүріп жатқанын өз көзімен көруі үшін зауыттарды аралауға шақырған. Боқаев сондай зауыттардың бірі орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы Ауқатты ауылына барып, машина құрастыратын орын делінген жерде бірде-бір станок жоғын анықтаған. Сол жердені адамдар оның сұрақтарына жауап бере алмай, телефонын тартып алуға, өзін арандатуға тырысқан.
 
Санжан Боқаев автокөлік өндірісінің алпауыты саналатын Жапония мен Германияның өзінде 14 және 15 әлемдік бренд шығарылатынын, ал үкімет сайтында Қазақстанда 22 әлемдік брендтің 167 үлгісі құрастырылатыны туралы ақпарат жазылғанына таңғалғанын жеткізген.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір