• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:15:47
+35°

Шымкент қаласы және Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында карантиндік шектеу шараларына өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері А. Төлебаев бұған дейінгі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес,  Шымкенттегі карантиндік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлері өзгертілді.

  • мейрамхана, кафе, сондай-ақ "Ashyq" жобасына қатысатын жазғы алаңдар типіндегі қоғамдық тамақтану орындары сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді; 
  • "Ashyq" жобасына қатысатын фуд-корттар сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін (сыйымдылығы 20 пайыз, адам саны 30-дан аспау) жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • Мәдени нысандарға 50 адамға дейін, сондай-ақ вакцинаның екі компонентін қабылдаған адамдардың қатысуымен дайындық өткізуге болады;
  • Театрларға, кинотеатрларға, концерт залдарына және филармонияларға Ashyq қосымшасын пайдалануға рұқсат етіледі.

Жамбыл облысының бас санитар дәрігері Б. Шиналиевтің жаңа карантиндік шектеу шаралары 27 мамыр сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

Аталған қаулыға сәйкес, сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мекемелер, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар және т.б. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимде жұмыс істеуге тиіс.

Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдері:

  • Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуі керек;
  • Облыс тұрғындары арасында COVID-19 таралуына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Ю. Л. Залыгин карантин шараларына қатысты жаңа қаулы жариялады.

"Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы кейбір бизнес нысандарының жұмысына рұқсат етілді:

  • банкет залдары және мейрамхана, дәмханалар сағат 7:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Қызмет көрсету 50 адамнан аспауға тиіс;
  • компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтарында сыйымдылығы 30%-дан аспай, жұмыс режимі сағат 12:00-ден 02:00-ге дейін болады.

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Б. Әлиев карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес:

  • ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынады;
  • балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды;
  • мәдениет объектілерінің қызметіне 30 адамға дейін рұқсат етіледі;
  • жабық ғимараттарда және ашық орындарда отбасылық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • толымдылығы 50 пайыздан асырмай балаларды сауықтыру лагерлерінің жұмысына рұқсат етіледі;

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н.А. Беркімбаеваның қаулысы 26 мамыр сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

  • бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беріледі;
  • ата-аналардың өтініші бойынша сыныпта балалар саны 15 адамнан аспай жазғы мектептерде оқытылады;
  • қоғамдық тамақтану объектілері, букмекер кеңселері, лотерея клубтарының жұмысына тыйым салынады.

Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Ә. Жұматаевтың 2021 жылғы 26 мамырдағы №13 қаулысы бойынша:

  • тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • жерлеу шаралары кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып өткізіледі;
  • букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады;
  • мерекелік корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;

Ақмола облысының бас санитар дәрігері А. Мусина 27 мамырда карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

  •  көпшілік іс-шараларды оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;
  • ойын-сауық мекемелерінің қызметіне және мерекелік корпоратитерді ұйымдастыруға тыйым салынады;
  • көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізу шектеледі;
  • бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, банкет залдары, боулингтердің жұмысы тоқтатылады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір