• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:28:57
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2021 NEWS

Көрнекі сурет

"Ақ жол" демократиялық партиясы әр бала дүниеге келген сайын ипотеканы 25 % жеңілдетуді сұрайды. Вице-министр Роман Склярдың атына фракцияның тиісті депутаттық сауалын Ерлік Өмірғали баяндады.

Депутаттың айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасындағы жеңілтетілген шарттар әкімдіктерде кезекте тұрғандарға ғана қолданылады. Ал кезекке тек мүгедектер, көп балалы отбасылар, ардагерлер немесе жетімдер секілді белгілі бір санаттағы азаматтар ғана қойылатынын атап өткен ол "отбасын жаңадан құрған, қол-аяғы сау, бірақ әлі өз ұясына қаражат жинап үлгермеген жастар не істеуі керек? Олар қашан балалы болады? Көп балалы отбасылар бірден пайда болмайды ғой" деп жастардың баспанаға қолжетімділігін арттыру мәселесіне назар аударды.

– Олар пәтерге ақша жинап болғанда жастары 40-тан асып қалады, бұл жаста әйелдердің сәбилі болу қабілеті де төмендейді, дәрігерлердің айтуынша, ерлер мен әйелдердің үштен бірі 40 жастан кейін және одан да ертерек бедеулікке ұшырайды. Қазіргі жағдайда, мемлекеттің немесе дәулетті ата-ананың қолдауынсыз жас отбасылар 40 жасқа дейін өз күшімен баспана ала алмайды. Осыған байланысты, "Ақ жол" демократиялық партиясы жас отбасылар үшін әр бала туған кезде 25% мөлшерінде ипотекалық кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды енгізу туралы 2013 жылда айтылған ұсынысына қайта оралады. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бизнесті кредиттеу кезінде мемлекеттік және жеке мүдделерді ұштастыру құралы ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Бұл табысты тәжірибені әлеуметтік бағдарламаларға да тарату керек деп санаймыз. Сонда үлкен отбасы 10 жыл кезекті күтпей, 4-ші бала туған кезде бірден пайызсыз баспаналы болады, ал екі баласы бар отбасы мөлшерлеменің жартысын ғана төлейді. Бұл ретте, мемлекет төлейтін пайыздарды есептемей-ақ отбасы үшін қарыздың негізгі сомасын біртіндеп өтеуді қалдыруға болады. Бұл шара жас отбасыларды бірден балалы болуға ынталандыруға мүмкіндік береді, ал екінші деңгейдегі банктер ипотеканы белсенді түрде кредиттеуге мүмкіндік алады, – дейді депутат.

Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының мүшелері ұсынылып отырған тәсіл тұрғын үйге бола ажырасу жағдайлары өршіп бара жатқан сәтте отбасы институтын нығайтады деп санайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір