• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:13:03
+35°

Батыс елдері бортында Nexta медиа-ресурсының бұрынғы редакторы, белсенді Роман Протасевич болған ұшақ бағытын күштеп өзгертіп, Минскке қонуға мәжбүрлеуге наразылық білдіріп жатыр.

Ryanair ұшағы жексенбіде Еуропа одағы елдерінің ішкі рейсін орындау барысында Грекия астанасы Афиныдан Латвия астанасы Вильнюське ұшып бара жатып, "бортта бомба бар" деген себеппен истребительдердің көмегімен күштеп Беларусь астанасы Минскке қондырылған. Ұшақ қонысымен, бомба туралы ақпарат өтірік болып шыққаны хабарланып, бортта болған журналист Роман Протасевич тұтқындалған.

Ұшақты мәжбүрлі қондыру туралы бұйрықты Белорусь президенті Александр Лукашенконің жеке өзі берген.

ВВС дерегінше, оқиға Еуропада қызу талқыға себеп болып, мемлекеттер Протасевичті дереу босатуды талап ете бастаған.

Литва президенті Гитанас Науседа ЕО-ны Беларуське жаңа экономикалық санкциялар салуға шақырған. Беларусь президенті Лукашенко мен елдің ондаған шенеунігі қазірдің өзінде ЕО санкциясына ілінген. Бұдан бөлек оларға Еуропа елдеріне баруға шектеу қойылып, активтері бұғатталған.

Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен "мұндай заңсыз әрекеттің салдары болатынын" атап өтсе, Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий мұны "мемлекеттік терроризмнің бұрын-соңды болмаған көрінісі" деп мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "естен тандырарлық оқиғаны" айыптап, президент Байден әкімшілігі "әріптестерімен келесі қадамдарды келісетінін" мәлім етті.

Ұлыбритания, АҚШ, ЕО-дан құралған Сыртқы істер бойынша комитеттің сегіз өкілі Беларуське және Беларустьтен ұшуға тыйым салу керектігі туралы бастама көтерді. Кей ресми тұлғалар Еуро Одаққа Белорусьтен келетін жеңіл және жүк көліктерін кіргізбеуді ұсынып жатыр. Олардың сөзінше, Лукашенко, былтырғы даулы сайлаудан кейін оппоцицияның үнін өшіру үшін қай жерге дейін баруға дайын екенін көрсеткен. Енді ЕО ол қандай құн төлеуге дайын екенін шешуге тиіс.

Рейс бағыты қалай өзгертілді?

FR4978 рейсі Литва шекарасына жеткеніне көп болмай, Минске қарай батысқа бұрылады. Бордта 171 адам болған.

Ryanair мәлімдемесінде экипаж мүшелеріне Беларусь әуедиспетчер қызметінен бордтағы ықтималды қауіп туралы хабарлама келіп, жақын маңдағы Минск әуежайына қону туралы нұсқау берілгені айтылады.

Flightradar24 сайтында көрсетілген ұшу траекториясына сәйкес, ұшақ бұрылған сәтте Минскке қарағанда Вильнюске жақын болған.

 
 
 
карта

 

 

1 пиксельная прозрачная линия

 

 

Кей жолаушылар инцидент басталғанда Протасевичтің мазасызданғанын көргенін айтқан. "Ол өзіне өлім жазасы қаупі төніп тұрғанын айтты" деген 40 жастағы Моноика Симкиене AFP агенттігіне.

Басқа жолаушы Reuters-ке Протасевич жағдайды білгенде ноутбугы мен телефонын жоғарғы шкафтан шығарып, жанындағы серігіне бергенін хабарлаған. Алайда Литва президенті Протасевичтің серігіне ұшаққа оралуға рұхсат етпегенін мәлім етті.

Протасевич кім?

Протасевич Nexta медиа-компаниясының, Telegram каналының бұрынғы редакторы. Ол 2019 жылы Беларусьтен кетіп, 2020 жылғы президент сайлауы барысын ақпараттандырып отырған. Nexta Беларусьтегі президент сайлауы кезінде оппоцицияның дауыс беруінде шешуші рөл атқарды. Оппозиция Лукашенко дауыс ұрлады деп санайды. Үкімет жаңалықтарды таратпай қойғаннын кейін бұл пікірдегі адамдар көбей түсті. Осыдан кейін оған терроризм мен тәртіпсіздікті қоздыру бойынша айып тағылған.

Батыс лидерлері оппозиция басшысы кандидат Светлана Тихановскаяны қолдаған. Сайлаудан кейін Лукашенконың жеңісіне наразы ондаған мың адам бірнеше ай бойғы алаңға шыққан. Наразылық акциясына шыққандарды жергілікті полиция ұрып-соққан, азаптаған әрекеттер көптеп болып, ондай жағдайларды Nexta ұдайы жариялап отырған. Биылдың өзінде полиция талапынан жасалған аяусыз әрекеттердің көптеген жағдайлары тіркеліп, 2700-ден астам соттау істері болған.

Александы Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері басқарып келеді. Ол президент ретінде 6 мәрте қайта сайланған. Оның саясатта "Еуропаның соңғы диктаторы" деген аты бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір