• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:09:41
Алматы
+35°

"Дебаттар" жобасына да барлық білім беру ұйымында баса мән берілуі тиіс. Бұл туралы дебат ойындарының белсенді қатысушыларымен кездесуде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

"Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов елімізде оқушылар мен студенттер арасындағы дебат қозғалысы қайта жанданып жатқанын және дебаттар мектеп, колледж, жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналатынын атап өтті. Кездесуге республиканың барлық ауданы мен қаласынан дебат үйлестірушілері, білім басқармаларының басшылары, жоғары оқу орындарының проректорлары, мектеп және студенттік дебат клубтарының белсенді дебатерлері шақырылды" делінген хабарламада.

Дебатты ойын ретінде емес, білім беру технологиясы деп қабылдауымыз қажет. Сондықтан бұл қозғалысты белсенді түрде дамытып жатырмыз. Біз Қазақстанда дебат қозғалысын дамыту тұжырымдамасын және оқушылар мен студенттер арасында дебат турнирлерін өткізу қағидаларын әзірледік. Министрліктің "Оқуға құштар мектеп", "Мектептегі және студенттік өзін-өзі басқару" сияқты жобаларымен бірге "Дебаттар" жобасына да барлық білім беру ұйымында баса мән берілуі тиіс, – деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр студенттік жылдары өзі де дебат ойындарына белсенді қатысқанын айтып өтті.

-Дебат адам бойында маңызды дағдыларды қалыптастырады. Мәселен, бұл тәжірибе маған көп пайдасын тигізді және қазір жұмыс барысында да көмектеседі. Сондықтан балалардың сыни ойлау қабілетін дамыту, командада жұмыс істеуге баулу, сұрақтарға жауап беру, өз пікіріңді дәлелдеу, балалардың өз ойларын дұрыс тұжырымдауы үшін бізге осы білім беру технологиясын белсенді қолдану қажет, – деді ол.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов дебат қозғалысының дамуы қағаз жүзінде болмауы тиіс екенін атап өтті. Осы ретте баланың қызығушылығын туғызып, оған жеке қасиеттерін дамытуға көмектесу маңызды.

Дебат турнирлерінің жеңімпаздары жоғары оқу орындары ректорларының гранттарын ала алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір