• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:25:20
Алматы
+35°
Актер Фархат Әбдірайымовпен қоштасу рәсімі тек отбасының қатысуымен өтеді. Бұл туралы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Грузияда қайтыс болған актер Фархат Әбдірайымовтың денесі бүгін таңертең арнайы рейспен Алматыға жеткізілді. Марқұм туысқандарының мәлімдеуінше, актермен қоштасу рәсімі ертең, мамырдың 23-інде Алматыда өтеді" делінген хабарламада.

Пандемияға байланысты жерлеу рәсімі тек Фархат Әбдірайымовтың туған-туыстары мен жақындарының қатысумен өтеді. Марқұмның отбасы актер шығармашылығының жанкүйерлері мен БАҚ өкілдерінен осы шешімге түсіністікпен қарауды сұрады.

Фархат Әбдірайымовты Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының кіреберісіндегі арнайы жабдықталған жерге гүл шоқтарын қою арқылы еске алуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір