• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:23:00
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Гвардейский кентінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады.

"82796" әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы Казарма ғимаратының 4-ші қабатындағы терезеден секіріп қайтыс болған. 

– Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 2021 жылғы 20 мамырда әскери қызметкер қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, – деді ведомство өкілі.

Қазір құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесі үшін және марқұмның туыстарының қалауы бойынша басқа ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.

Марқұм әскери қызметке 2021 жылғы сәуірде шақырылған, 15 мамырда ант қабылдаған.

"82796" әскери бөлімі Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентінде орналасқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір