• USD 424.6

  • EUR 500.9

  • RUB 5.73

  • CNY 65.51

27 Шілде, 05:34:01
Алматы
+22°

Фото: Фархат Әбдраймовтың instagram парақшасынан

Грузияда қайтыс болған белгілі актер Фархат Әбдраймов ол жақта "Больше чем любовь" атты кезекті туынды түсірілімінде жүргені хабарланды.

Актер instagram-дағы парақшасында түсірілім жұмыстарының барысын бөлісіп отырған. Оның жазбаларынан актердің әдеттегідей жайдарлы көңіл-күйде жүргенін көруге болады. Instagram stories-теріндегі жұмыс процесін көрсеткен сәттер әлі де қолжетімді. Актер соңғы рет stories-ке 12 сағат бұрын кешкі мезгілде Тблиси аспанында ұшып бара жатқан әуе шарын салған.

Ал соңғы жазбасында әріптестерімен "фильм түсіру үшін жалғыз камера мен төрт еріккен адам жеткілікті екен, мен бесіншісімін" деп әзілдескен.

Актердің өліміне жүрек талмасы себеп болғаны айтылып жатыр.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Farkhad Abdraimov (@fara_actor)

Осыдан екі күн бұрын жариялаған жазбасында ақын Олжас Сүлейменовты 85 жасымен құттықтаған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Farkhad Abdraimov (@fara_actor)

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: фархат әбдіраймов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір