• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:15:04
Алматы
+35°

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу қандастар үшін 2021 жылдың маусым айында онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс депутаттардың сауалына берген жауабында айтқан.

– Биыл Қазақстандағы және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеу қандастар үшін 2021 жылғы маусымда 2020 жылғы тәжірибені ескере отырып онлайн форматта өтеді. ҰБТ тапсырудың бұл форматы министрлік, Ұлттық тестілеу орталығы және "Отандастар" қорымен бірге жан-жақты қаралды.

Министрлік қандастарға қазақстандық жоғары оқу орындарында жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Еліміздегі және жалпы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҰБТ-ны ұйымдастыру процесі кезінде біздің студенттер мен жастардың денсаулығы министрлік үшін маңызды екенін айта кеткен жөн, – деді министр.

Министрдің айтуынша, өткен жылы қандастар үшін ҰБТ алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылған. 2020 жылғы 19 шілдеде өткен тестілеуге 551 адам қатысқан. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір