• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:42:32
Алматы
+35°

Перзентханада қызымды ауыстырып жіберді деген, ресейлік ерлі-зайыптылар Павлодар қалалық перзентханасын сотқа берді, деп хабарлады ИРБИС ТV сайты.

Светлана Педченко 1993 жылы Павлодарда кенже қызын босанады. Медбикелер сәлден соң сәбиді әйелге бергенде ол нәрестесінің сыртқы келбетінде айырмашылық барын байқайды. Бірақ оған аса мән бермейді. Тек 2020 жылы кездейсоқ өз қызын емес, көрші палатадағы бейтаныс әйелдің қызын тәрбиелегенін біледі. 

Светлана отбасымен бірге соңғы 3 жылдан бері Ресейдің Новосибирск қаласында тұрып келеді. Ол барлық балаларын Павлодарда дүниеге әкелген. Кіші қызын 1993 жылы №2 қалалық перзентханада босанған. "Дәрігерлердің қателігі бойынша нәрестелер ауысып кетті" деп топшылайды. 

Светланамен бірге палатада тағы бір әйел жатқан. Олардың балалары 20 минут айырмашылықпен дүниеге келген. Светлана дәрігерлер сәбилерді жөргекке орау кезінде нәрестелерді ауыстырып алған болуы мүмкін деп болжайды.

Уақыт өте келе үйдің кенжесі өзге балаларға ұқсамайтынын байқала бастаған. Десе де Светланаға кенжесі "біреудің баласы" деген ой мүлдем келмеген. 

– Ол менің үлкен ұлыма ұқсамады. Ұлым менің аққұба, көк көзді. Ал менің қолымда қара торы, көзі қара қыз болды. Күйеуімде шешен ұлтының қаны бар болғандықтан, қызымның түріндегі өзгешеліктің себебі сол шығар деп ойладым. Десе де бөтеннің баласы деген ой мүлдем болмады, – дейді ол. 

Светлананың кіші қызы қазір 27 жаста. Ол өткен жылы әлеуметтік желіден таныс әйелдің суретін көріп қалады. Оның парақшасына кіріп қараса, өзіне қатты ұқсайтын қыздың суреті тұрады.

Ұзамай олар Павлодарға барып, суреттегі отбасыны тапқан. Светлана ДНҚ тест жасатып, өзі өсірген қыз биологиялық тұрғыдан 100% туған қызы емес екені анықталған.

– Құдайға шүкір, қыз өскен, оны жанұясы жақсы көреді. Бірақ өмір қайтарылмайды ғой. Ештеңені өзгерте алмайсың. Менің жаным қатты ауырды, – деген әйел сәбилерді ауыстырып жіберген перзентхананы сотқа берген.

– Қазір Олег Павлович Педченко мен Светлана Владимировна Педченконың талап арызы бойынша Павлодар қалалық №2 перзентханасына қатысты азаматтық іс қозғалуда. Сулатновалар үшінші тұлға деді, – қалалық сотының баспасөз хатшысы Руфат Ерғалиев.

Ерлі-зайыптылар перзентханадан моральдық шығын түрінде 20 миллион теңге талап етуде. Екінші отбасы сотқа жүгінбеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір