• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:34:55
Алматы
+35°

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Қостанай және Жамбыл облыстары Полиция департаменттерінің тергеу бөлімшелерінің орта буын басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатқанын хабарлады

Министрліктің мәліметінше, аталған фактілер бойынша толық ақпаратты қазіргі уақытта тергеу аясында жариялауға болмайды.

Сонымен қатар, ІІМ жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес өз қатарындағы заңдылықты сақтау, бұзушылықтарды жою және мемлекеттік қызметке кір келтіретін кез келген іс-қимылдың жолын кесу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруды жалғастырып жатқанын атап өту қажет.

– Ел басшылығы ІІМ алдына полиция қатарында сыбайлас жемқорлықты жойып, тәртіп орнату туралы міндет қойғанда, оның орындалуына ешкім сене қоймады. Бірақ бүгін жұмыс нәтижелері басқа цифр көрсетіп тұр: парақорлық фактілері екі есеге, жемқорлық қылмысы үштен бірге азайды. Бұл тек былтырғымен салыстырғанда осы жылдың төрт айының қорытындысы ғана, – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол бермеуге баса назар аударылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір